Нұр-Сұлтанда Иманов көшесіндегі жол учаскесі жабылды

Нұр-Сұлтан әкімдігі
Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 2-4 тамыз аралығында Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Нұр-Сұлтанда Иманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 2-4 тамыз аралығында Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді