Тоқаев Пашинянды құттықтады

Ақорда
Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхат
та.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады