Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев қызметінен босатылды

pxhere.com
Айта кетсек, алдында Президент Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қайрат Досаев 2019 ж. 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын. Ал 2021 ж. 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды. 2021 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев қызметінен босатылды", делінген облыстық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, алдында Президент Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын. Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев мектептің даладағы дәретханасында 12 жастағы оқушыны зорлау ісіне байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыстан босатылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін