Сапарбаевтың сөгіс алғаны дұрыс болды – Тайжан

inbusiness.kz
Сапархан Омаров "Қазақстанның берекесіне қайта шабуыл жасауы мүмкін".

Мемлекет басшысы жұмысын атқара алмаған шенеунікке теріс бағасын беріп, жұмыстан шығарып жібергенде, оны жаңа жауапты қызметке тағайындап қоятындай моральдық құқық ешкімде болмауы тиіс, дейді желіде Мұхтар Тайжан.

Сол себепті бүгін таңертең Сапарбаевтың сөгіс алғаны өте дұрыс болды!

Сол сияқты жаңадан тағайындалған Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің Мемлекет басшысы қызметінен босатып жіберген бұрынғы министр Сапархан Омаровты жаңа жауапты қызметке – "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-на басшы етіп тағайындауға қандай моральдық құқығы бар еді? Ол да жұмысын атқара алмаған шенеунік емес пе еді? Президент оны "қолынан іс келмейді" деп қуды. Ал жаңа министр енді оған ірі мемлекеттік кәсіпорынның жұмысын бүлдіруіне мүмкіндік беріп отыр ма? Әлде мафия өз адамдарын тастамай ма? Солай боп тұр ғой, деген сауал тастап қойды Тайжан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме