Алматы Әділет департаментінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы өмірден озды

Рсымендиевтер отбасының мұрағатынан алынды
4 тамызда 93 жасында шұғыл отадан кейін сүйікті жар, қамқор әке, немере,шөбере сүйген ардақты ата Рысмендиев Баян Рысмендіұлы қайтыс болды.

93 жасына қараған шағында Алматы қалалық Әділет департаментінің негізін қалаушы және тұңғыш басшысы Баян Рысмендиев дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Баян Рысмендіұлы - көрнекті заңгер және еліміздің құрметті азаматы, Алматы әділет департаментінің негізін қалаушы және тұңғыш басшысы болған, ол адвокаттардың бірнеше буынын өмірлік жолға салды.

4 тамызда 93 жасында шұғыл отадан кейін сүйікті жар, қамқор әке, немере,шөбере сүйген ардақты ата Рысмендиев Баян Рысмендіұлы қайтыс болды. Қаралы отбасы қайғы жұтып, көңіл білдірушілерге разылығын білдіреді, алайда эпидемиологиялық қиын жағдайға байланысты қара шаңырақтың отағасымен қоштасу рәсімі отбасылық шеңберде өтеді, - деді Рысмендиевтер отбасы.

Кейінірек, эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда отбасы Баян Рысмендіұлының құрметіне ас беруге ниетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді