Арыста 150 адамдық той басталмай жатып тоқтатылды

ТО ПД баспасөз қызметі
Карантин кезінде той өткізем деген ниетінен айнымаған тұрғын анықтады.

Мобильдік топ мүшелерінің күндіз-түні тойханаларды тексеріп, рейдтік шараларды атқарып жатқаны бар. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысы Арыс қаласында кезекті рет той анықталды, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі уақытта құрамында полиция қызметкерлері бар мобильдік топ орталықтағы тойханалардың бірінде 150 адамға дастархан жайылып, енді басталып жатқан тойды тоқтатты. Ұйымдастырылған үйлену тойының иесіне айтып, басқа да қонақтардың тойханаға келмеуі хабарланды. Сонымен қатар заң талаптары бойынша тойхана иесі мен тойхана әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша іс-құжаттар жинақталды. Яғни заңды шара көрілу үшін құжаттар тиісті басқармаға ұсынылды.

Арыстық тәртіп сақшыларының айтуынша карантин талаптары енгізілгеннен бері аумақта той-жиын ұйымдастырушылар саны азайған.

Десе де тәртіп сақшылары тарапынан індет жойылып, шектеу шаралары алынғанша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қадағаланып, рейдтік жұмыстар күшейтілген түрде атқарыла бермек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды