Баласын балабақшаға апаратындардың Ashyq-тағы мәртебесі "көк" болса болғаны

Министрлік қаулыда мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ата -аналарына қатысты вакциналау мәселесі көтерілмегенін атап өтті. Балалар балабақшаға шектеусіз бара береді.

Балаларды балабақшаға әкелу үшін ата -аналардың Ashyq қосымшасындағы мәртебесі "көк" немесе "жасыл" болса болғаны. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі қаулысына сәйкес, COVID-19 вакцинасын алмаған жұмысшыларға күндізгі режимде жұмыс істеуді шектеу (тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы үш айда COVID-19 жұқтырған адамдарды қоспағанда) шарасы білім беру және оқыту ұйымдарының, оның ішінде білім беру-дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік кешендердің және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты да қолданылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік бұл қаулыда мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ата -аналарына қатысты вакциналау мәселесі көтерілмегенін атап өтті. Балалар балабақшаға шектеусіз бара береді.

Бұған дейін сарапшылар Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған ата-аналардың баласын балабақшаларға қабылданудан бас тартуда деген желідегі дақпыртқа түсініктеме берген. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті де жоққа шығарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: