1 қыркүйекте өтетін салтанатты шараға тек бірінші сынып оқушылары қатысады

zakon.kz/ Павел Михеев
Жиналыстан балалар өздерінің алғашқы кітабы "Әліппе" мен "Букварьды" қолына ұстап қайтады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара тек бірінші сынып оқушыларына арналатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Дәстүрлі форматтағы мектептердегі "линейка" тек бірінші сынып оқушылары үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, өткізілетін болады. Ашық аспан астындағы жиыннан балалар өздерінің алғашқы кітабы "Әліппе" мен "Букварьды" қолына ұстап қайтады. 2-11 сынып оқушылары үшін аудиториялық сағаттар сыныптарда ұйымдастырылады, - деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысында.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жаңа оқу жылында барлық мектеп оқушылары мен студенттердің дәстүрлі форматта оқитынын айтқан болатын. Барлық мектептер мен университеттер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қабылдайды: күнделікті термометрия, желдету, кварц және зарарсыздандыру жұмыстары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты