Алматыда танымал әншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

zakon.kz
Қонақүй менеджері және әнші Luina мен күйеуі екеуіне де хаттама толтырылды. Оларға 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Алматыда Royal Tulip Almaty қонақ үйінің жазғы террасасын келісім бойынша жалға алған жеке кәсіпкер Е.М. Құлтасовқа айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ойын-сауық мекемелерінің, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарының иелері де карантин кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен және ірі айыппұлдардан қорқып, жеке тұлғаларға немесе әртүрлі жеке кәсіпкерлерге өзіне тиесілі аумақтың бір бөлігін жиі жалға беретінін атап өтеді.

Royal Tulip Almaty-да шектеулі карантиндік талаптарды бұзу фактісі бойынша әкімшілік істі қарау барысында жиынды ұйымдастырушы жеке кәсіпкер Е.М. Құлтасов екені анықталды, делінген Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Тиісінше, заңнама аясында аталған жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабы бойынша хаттама толтырылды, оған сәйкес, 230 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, келіп түскен материалдарға сәйкес, тәртіп бұзушылар саны артты. Сонымен, қонақүй менеджері және әнші Luina мен күйеуі екеуіне де хаттама толтырылды. Оларға 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды