Алматыда бір адамға құмшекер 5 келіден ғана беріліп жатыр

pixabay.com
Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.

Алматыда қант бір адамға 5 келіден артық сатыламайды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды.

Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен, - деп хабарлады әкімдіктен.

Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі