Жандарбек Бекшин Instagram жұлдызына айналды

facebook.com / Жандарбек Бекшин
Бекшин мырза, болжам берші!

Алматының Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Instagram-да аккаунт ашып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тіркелгені сол-ақ екен, тоғыз мыңдай аудитория жинап алды. Аккаунтын кейін сатып жіберсе де өкінбейтін түрі бар.

Қазір тұрғындар әлеуметтік желілерден ақпарат алғыш боп алды, сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиялық ахуалы, ауру мен проблемалар туралы барлық жаңалықтармен Instagram-да бөлісетін боламын, - деді Бекшин алғашқы видесында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жандарбек Бекшин (@zhandarbekbekshin)

Еріккен комментаторлардың бірі "Бекшин мырза, бүгін кешке "Тоттенхэм" мен "Манчестер Сити" ойнайды екен, болжам берші" десе, енді біреу "Ойларыңды байқап жазыңдар, бұл аккаунтты Бекшиннің өзі жүргізеді деп кім айтты, бұлар осылай арамыздағы қауіпті адамдарды тауып алу үшін де аккаунт ашуы мүмкін" дейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды