Ashyq қосымшасы жоқтар не істейді

Бұған дейін кейбір БАҚ смартфондары жоқ қарт адамдар супермаркеттер мен базарларға кіре алмайтынын айтып, шағымданатынын жазған. Себебі - Ashyq та, смартфоны да жоқ.

Цифрлық даму министрлігі егер адамда ШОБ объектісіне немесе басқа мекемеге кіру кезінде Ashyq қосымшасы болмаса не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін кейбір БАҚ смартфондары жоқ қарт адамдар супермаркеттер мен базарларға кіре алмайтынын айтып, шағымданатынын жазған. Себебі - Ashyq та, смартфоны да жоқ. Салдарынан кейбір жағдайларда адамдар азық-түлік сатып алмай, дүкен сыртынан қайтады.

Редакция Ashyq қосымшасын тіркей алатын смартфондары жоқ азаматтарға не істеу керектігі туралы сауал жолдап, түсініктеме сұрады.

Егер адамның смартфоны болмаса немесе бұл мобильді қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, оны "күзетші режимі" арқылы жеке куәлікті ұсыну арқылы тексеріледі, - делінген ведомства жауабында.

Министрлік Ashyq қатысушылары шектеу шараларын сақтамаған жағдайда, шалт іс-қимыл алгоритмі бар екенін айтты. Егер мониторингтік топ объектінің екі апталық адам қабылдау нәтижелері бойынша check-inнің минималды есебін жүргізбегенін анықтаса (екі апта ішінде QR коды бойынша тұтынушыларды 0-ден 20-ға дейін тіркеу), онда әкімдік ол нысанды қосымшадан бір аптаға аластатуы мүмкін. Егер талап бұзушылық қайталанса, жобаға қатысушы екі аптаға одан шеттетіледі. Үшінші бұзушылық тіркелген жағдайда объект бір айға жобадан шығарылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: