Қазақстан Ауғанстаннан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көмектесті

zakon.kz
Көрші елдің Сыртқы істер министрі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесті.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қырғызстанның 15 азаматын Кабулдан шығаруға көмектескені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көрші елдің Сыртқы істер министрі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесті.

Министр Руслан Қазақбаев Қазақстан басшылығына және елдің Сыртқы істер министрлігіне Кабул қаласынан Қырғыз Республикасының 15 азаматын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін, сондай-ақ Ауғанстандағы қырғыз елшілігіне көмек бергені үшін ризашылығын білдірді. Бұл елдер арасындағы туысқандық, одақтық және тату көршілік қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді, - делінген Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Мұхтар Тілеуберді өз жауабында Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының азаматтары мен Ауғанстандағы қырғыз елшілігіне қатысты мәселелер бойынша қосымша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Тараптар Ауғанстандағы ахуал шиеленіскен жағдайда жедел әрекет ету және өзекті мәселелерді шешу үшін одан әрі өзара іс-қимылды үйлестіруге келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты