БҰҰ-ға көмек. Ауғанстаннан Алматыға қай елдің азаматтары келіп жетті

zakon.kz
Сондай-ақ БҰҰ-ға 193 мемлекет мүше екені, Алматыға жеткен БҰҰ қызметкерлерінің сол елдердің кез келгенінің азаматы болуы мүмкін екені айтылды.

Қазақстанға Ауғанстаннан БҰҰ-ның қызметкерлері жеткізілді. Түнде Алматы қаласының әуежайына қонған ресейлік ұшақта Біріккен Ұлттар Ұйымының 140 қызметкері болды. Олар Ауғанстандағы ахуал реттелгенше өз жұмысын қашықтан жүргізбек, деп хабарлайды zakon.kz.

Жағдай ушыққанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қасым-Жомрат Тоқаевтан көмек сұрап, қызметкерлерін уақытша Қазақстан аумағында орналастыруды өтінді. Олардың арасында біздің елдің азаматтары жоқ. Ел Президенті халықаралық ұйымға қолдау көрсетуді жөн көрді. Бірақ олардың шығындарын Біріккен Ұлттары Ұйымының өзі көтереді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда бірнеше ай бойы жұмыс істейді. Олардың арасында АҚШ, Канада, Шри-Ланка, Африка елдерінің азаматтары бар. Президентіміз олардың қызметіне қолдау көрсетуді тапсырды. Ал, еліміздің Ауғанстандағы елшілігі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ол жақта бірнеше қазақ отбасы бар. Олармен үзбей байланыс орнатып отырмыз. Барлық қажетті шараны жүзеге асырамыз, - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин "Хабар-24-ке" берген сұқбатында.

Сондай-ақ БҰҰ-ға 193 мемлекет мүше екені, Алматыға жеткен БҰҰ қызметкерлерінің сол елдердің кез келгенінің азаматы болуы мүмкін екені айтылды.

Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

Әріптестерімізді қабылдаған Қазақстан Үкіметінің қолдауына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің бұл қызметкерлер әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің, оның ішінде еуропалық және Солтүстік Америка және басқа аймақтағы елдердің азаматтары. Әріптестеріміз осы Алматыда отырып, Ауғанстанға көмек көрсету бағытында жұмысын жүргізе бермек. Бірақ мынаны нақты айтқым келеді: Біріккен Ұлттар Ұйымы осы сындарлы кезеңде Ауғанстаннан кетпейді, біраз бөлігі сол жақта қалып, гуманитарлық көмекке мұқтаж миллиондаған ауған азаматына көмек көрсету ісін жалғастырады.

Алматыға сол күні сағат 17: 00-де Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушысы бар әскери көлік ұшағы қонған. Олардың ішінде 25 Қазақстан азаматы бар: 15 ересек және 10 бала, сондай -ақ Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкерлері. Сол ұшақта 14 Қырғызстан, Ресей және Литваның бір-бірден азаматтары эвакуацияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді