Жан басына қаржыландыру балалардың кез-келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі бұл жаңашылдық балаларға кез келген үйірмеге баруына қолжетімді ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт тапсырысының жан басына қаржыландыру бойынша берген тапсырмасының негізінде және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасына қатысып отырған ЖК "Макашев" үйірмесіне барды. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған шығармашылық үйірме Қаратау ауданына қарасты "Нұртас" шағын ауданында орналасқан. Бұл үйірмеге бүгінде ұлттық би мен халық биі бойынша жалпы 100 өтінім келіп түскен.

Қала әкімі бұл жаңашылдық балаларға кез келген үйірмеге баруына қолжетімді ететінін атап өтті. Ең бастысы ата-аналарға қаржылық жағынан ауыртпалық түспейді. Енді бұл төлемақы мемлекет қазынасынан бөлінетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі