Алматыда екі троллейбустың жүріс бағытына өзгеріс енгізілді

zakon.kz
Бұл өзгеріс Алматыда "Достық" метро станциясының құрылысына байланысты енгізілді.

Алматыда "Достық" метро станциясының құрылысына байланысты 20 тамыздан бастап екі троллейбустың жүріс бағыты өзгереді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы метросының "Достық" стансасының құрылысына байланысты, 20 тамыз, сағат 23: 00-ден бастап, 1 қыркүйекке дейін No6 және No25 троллейбустардың жүріс бағытына өзгерістер енгізілді, - дейді Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі.

Троллейбус бағыттары:

№6 троллейбустың жүріс бағыты: Шаляпин көшесімен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта және одан әрі қарай белгіленген маршрут бойынша.

25 троллейбустың жүріс бағыты: Абай даңғылының бойымен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесімен солтүстікке қарай Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі қарай белгіленген маршрут бойынша.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі