Ауғанстандағы этникалық қазақтардың бәрі бірдей көшкісі келмейді - СІМ

pixabay.com
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Ауғанстанда 13 этникалық қазақ отбасы тұрады. Адам басының саны мшаамен - 200.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин этникалық қазақтарды Ауғанстаннан көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ олардың барлығы бірдей елден кеткісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Олардың пікірін ескеру қажет: олар эвакуациялауды қалайды ма, соны сұрауымыз тиіс. Өйткені кейбіреулері аса ынталы еместігі туралы мәліметтер келіп түсіп жатыр. Олар, басқалар сияқты, қазір қарап, әліптің артын бағып отыр. Эвакуациялауға адамдардың жеткілікті саны толғаны туралы белгі түсе салысымен, тиісті шешім қабылданады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында, - деді ОКҚ-дағы брифингіде Ақан Рахметуллин.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Ауғанстанда 13 этникалық қазақ отбасы тұрады.

Олар бүкіл елдің әр аумағында шашырап жатыр, негізінен солтүстік провинцияларда. Елшілік олармен үнемі байланыста. Оларда да топтың белсенді өкілі бар, ол елшілікпен үнемі байланыс ұстап отырады,- деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі