Тоқаев Алматыны абаттандыру жөніндегі жобалармен танысты

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін "Жаңа Алматы" бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін атап өтті. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды