Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Ақорда
Жиын бейнебайланыс арқылы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде барлық сын-қатерлерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды екенін де атап өтті.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек