Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялауға тамыздың соңында дейін рұқсат

Ahmad5shiry / WikiCommons
АҚШ билігінің хабарлауынша, тамыздың 14-інен бастап әуежайдан 37 мыңға жуық адам шығарылды.

Пентагон Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялауын тамыздың соңына дейін аяқтау керек. Аймақтан әлі қанша адам шығарылатыны белгісіз. Елдің қорғаныс министрлігі қолдан келгенше көп азаматты шығарады деп уәде етіп отыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Қазір Кабул әуежайында жиналған жұрттың қарасы қалың. АҚШ билігінің хабарлауынша, тамыздың 14-інен бастап әуежайдан 37 мыңға жуық адам шығарылды.

Джейк Салливан, Ұлттық қауіпсіздік жөнінде АҚШ президентінің кеңесшісі:

Ауғанстаннан шығарылған 37 мың адамның басым бөлігі ауған жұрты. Арасында америклықтардың саны аз. Қазір қалған азаматтарды эвакуациялауға кірістік. Тәліптер болса, эвакуациялау мерзімін одан әрі ұзартпаймыз дейді. Яғни шетел әскерін тамыздың соңына дейін түгелдей елден шығарсын деген талап қойып отыр.

"Талибан" қозғалысының өкілі төлқұжаты мен визасы бар кез келген адам Ауғанстаннан шыға алатынын айтады.

Сухеиль Шахин, "Талибан" қозғалысының өкілі:

Олар әскер күшін мамырдың 1-іне дейін елден шығарамыз деп уәде еткен еді. Алайда жоспарын орындамады. Енді сарбаздар тамыздың 31-іне дейін шығарылу керек. Бұл мерзім бұзылмайды деп ойлаймын. Егер уәдесінде тұрмаса тиісті шара қолданатын боламыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін