БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі - ҚР АҚДМ түсініктемесі

pixabay.com
Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін жылдың соңына дейін шешетінін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерді.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және ағымдағы жылдың қыркүйек айында оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз, - деді құзырлы ведомства.

Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін ағымдағы жылдың соңына дейін шешу көзделіп отыр.

Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды