Мәжіліс депутаттары Семейге сапар жасады

Мәжілістің баспасөз қызметі
Семей – еліміздің мәдени-рухани орталығы.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Ирина Унжакова, Амерхан Рахимжанов және Жанат Омарбекова аймақтарға сапары барысында, еліміздің мәдени-рухани орталығы саналатын Семей қаласына ат басын бұрып, бірқатар кәсіпорындардың, сонымен бірге М.О. Әуезов атындағы педагогикалық коллеждің, "Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты" РМҚК, Восход кентіндегі мультикультураларды өңдеу бойынша автоматтандырылған кешеннің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті сұрақтарды талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, кездесуге жиналғандармен "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде маңызды мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын бойынша пікір алмасты.

Соның ішінде, бүгінде талай жас буынды қияға қанат қақтырып, сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан тарихи оқу орнының жыл мәселесіне баса көңіл бөлді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді