Конституциялық Кеңес Азиялық Қауымдастықтың отырысын өткізді

ҚР Конституциялық Кеңесі
Іс-шараның модераторы Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов болды.

26 тамызда бейнеконференция режимінде Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің осы ұйымдағы төрағалығы шеңберінде Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар Қауымдастығы Бас хатшыларының отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырысқа Әзірбайжан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мальдивтер, Мьянма, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан конституциялық бақылау органдарының Бас хатшылары қатысты.

Іс-шараның модераторы Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б.Нұрмұханов болды.

Кездесуге қатысушылар Қауымдастық мүшелері аппараттарының тұрақты негізде сындарлы өзара іс-қимылы оның дамуына, әсіресе, COVID-19 жаһандық пандемиясы кезеңінде, елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Делегаттар Мүшелер кеңесінің отырысында қабылдауға жоспарланған құжаттардың жобаларын, Иордания Конституциялық Сотын Қауымдастыққа қабылдау, төрағалық миссиясын Моңғолия Конституциялық Сотына беру мәселелерін талқылады. Индонезияда, Кореяда және Түркияда орналасқан Қауымдастықтың тұрақты хатшылықтары қатысушыларды жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео