Паралимпиада-2020: Әнуар Сариев күміс медаль алды

ҰОК
60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді.

Қазақстандық парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен ол финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Екеуара белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын еншіледі.

Нәтижесінде, парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз