Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Ақорда
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын - Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылысынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады, деп жазды Тоқаев Twitter-де.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігі онға жуық дүмпу болғанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында болған жарылыстан 13 адам қаза тапқаны белгілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Ол шұғыл жиын өткізіп, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Сондай-ақ Президент жергілікті билікке ауыл тұрғындарын үйлеріне қайтаруға бағытталған шараларды қабылдауды, сондай-ақ болған оқиғаға қатысты объективті тергеу жүргізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді