42500-дің кезінде бүкіл база қатып қалып еді. Оны түсінуге болады, елдің бәрі ақша алғысы келді. Ал, енді санақтың сайтына не болды, дейді желіде журналист Болат Мүрсәлім.
Тоқсан сұрағы бар, әр сұрақтың бірнеше жауабы бар дүние бүгінгі бірінші күні-ақ қатып қалды.
Небәрі он мың адам жауап толтырыпты. 19 миллионның мыңнан бір бөлігі де кірмеді оған. Екі жылға шегерген санақтың порталын дұрыс жасауға болатын еді ғой, Цифрлы Қазақстан! Қазақша сөздерін үш рет оқысаң ғана түсінесің. Жауаптары қате. Мәселен, жер үйде тұрсаң да, үйдің нөмірі мен пәтердің нөмірін жаз дейді. Пәтердің нөмірін қайдан табасың оған? Жауаптардың тармақталу алгоритмі қате. Жаңа сұрақтың жауабын басайын десең, өткен сұрақтың жауабы ауыспай тұрады. Ең соңында, оған да зар болып қатты да қалды. Жаңалықтарға "санақ басталды" деген материал жасайық деп ек... Ал, Тоқаев мырза бүкіл базаны интеграция жасаймыз дейді, мына түрімен оған үміт жоқ, деп қойды пост авторы.