Қарағанды облысында кәсіпкер 253 млн теңге субсидияны негізсіз алды

zakon.kz
Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2018-2020 жылдары Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлерінің бірі өңірдің 68 шаруа және фермер қожалықтарының атынан күн сәулелік панельдерінің (батареяларының) жиынтығын сатып алуды инвестициялық субсидиялауға өтінім берген.

Бұл ретте, кәсіпкер шаруа қожалықтарына күн сәулелік батареяларының әрбір жиынтығы үшін 3,1 миллион теңге артық құнмен сату туралы жалған шарттар жасасқан.

Бұл алынған субсидиялау сомасын жасанды түрде арттыру үшін жасалған.

Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта бекітілген айыптау актісімен қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі