Нығматулин: қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы заң жобасы қаралады

Ж. Жұмабеков
Сонымен қатар, Палатаның бейінді комитеттері бірқатар жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алмақ.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Хаттама теңіз ортасы мен теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлықтың ластануын болдырмау, теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізуді көздейді.

Күн тәртібінің жобасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алу қарастырылған. Сонымен қатар, Палатаның бейінді комитеттері бірқатар жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алмақ. Атап айтқанда, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы және Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін