COVID-2019: Бекшин күз айына арналған жаңа болжамдарымен бөлісті

Алматы әкімдігі
Санитарлық дәрігер соңғы болжамды мамандар 29 тамызда жасағанын айтты. Ал жаңа болжам алдағы жақын күндері дайын болады.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек айында коронавирусқа шалдығушылардың күрт төмендеуі күтілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық дәрігер соңғы болжамды мамандар 29 тамызда жасағанын айтты. Ал жаңа болжам алдағы жақын күндері дайын болады.

Эпидемиологиялық жағдай болжам бойынша дамып келеді. Қыркүйек айында тәулігіне тіркелетін болжамды көлем - 1 300 жағдай болуы керек еді. Бірақ бұл ретте жағдай балалардың мектепке оралуына сайма-сай келіп тұр. Ал оқушылар мен студенттердің оқуға оралуына байланысты жағдай өзгереді. Қыркүйек айында күніне тіркелетін жағдайлар саны қазіргі 1 300-ден 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазан айында одан да төмендеп, күніне 100-200 жағдай тіркелетін күнге жетеміз деп болжаймыз, егер жаңа мутациялық штамм пайда болып кетпесе, әрине, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті