Қазақстанда сотталған педофилдерге электронды бақылау енгізілмек

Pixabay
Соңғы жылдары педофилдердің полицияның бақылауында болу шарттары едәуір күшейтілді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз брифингте балаларға қарсы жыныстық қылмыстармен қалай күрес жүргізілетінін айтты, хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу - министрліктің ерекше бақылауында.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді. Онда кызметтер мен бөлімшелердің басшыларына министр кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың қосымша шараларын белгіледі. Атап айтқанда, бұлар - әкімшілік қадағалауды күшейту және жазасын өтеген педофилдерге қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану, - деді спикер.

Жалпы, оның айтуынша, соңғы жылдары педофилдердің полицияның бақылауында болу шарттары едәуір күшейтілді: олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтеп жатыр.

Сонымен қатар, тараптарды татуластыруға, шартты түрде соттауға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.

Мадина Мамырханова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев