Ауған-тәжік шекарасы мен Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан ардагерлерлер ҚР Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеоүндеуде Алматы қаласында тұратын Ауған-тәжік шекарасы мен Таулы Қарабақ қақтығыстарының ардагерлері "Ел тірегі" тіркелмеген партиясының саясатын қолдамайтындарын айтады.
Біз, Алматы қаласы Тәжік-ауған шекара қақтығыстарына, Таулы Қарабақ және Ирак шайқастарына қатысқан ардагерлер, өзіміздің ешбір тіркелмеген партияға және тіркелмеген "Ел тірегіне" қосылмайтынымызды, ешқандай қатысымыз жоқ екенін білдіреміз. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Тәжік-ауған шекара қақтығыстарының ардагерлері сізді әрдайым қолдайды және сіздің жүргізіп жатқан саясатыңызды дұрыс деп есептейді. Біз сіздің жасаған жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймыз және үлкен құрметпен қабылдаймыз. 2020 жылдың 6 мамырында "Ардагерлер" туралы заңға қол қойғаныңыз үшін сізге рахмет! Осы заңның аясында көп көмек келді. Ардагер деген атағымызды 20 жыл күткен болатынбыз, - дейді бір топ ардагерлер атынан сөз алған ұйым өкілі.
Басқа сөз алғандар да тәжік-ауған шекарасында, Таулы Қарабақ пен Иракта қақтығысқа қатысқан ардагерлер Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын қорғауға және жас ұрпақты тәрибелейтін идеологиялық жұмыстарға атсалысуға дайын екендерін білдірген.
Біз әскери қақтығыстар ардагерлері сіздің саясатыңыз бен мемлекеттің Конституциялық құрылымына қарсы шығатын тіркелмеген саяси партияларды қолдамаймыз. Өйткені, біз Тәжікстан Республикасында қан мен соғыстың не екенін көргенбіз, білеміз. Сол кезде де қаскөйлер халықты үкіметке қарсы қойған болатын. Бізге бұл керек емес. Біз ардагерлер өз туыстарымызбен бірге бай да дамыған, тұтас мемлекетімізде бейбіт өмір сүргіміз келеді, - дейді сөз алғандардың бірі.