Қазақстанда журналистерге арналған сөздік шықты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Шараның қонақтары депутаттар, мәдени топтардың өкілдері, журналистер мен БАҚ басшылары болды.

2021 жылдың 6 қыркүйегінде "Қазмедиа орталығы" ғимаратында "СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің" тұсаукесері өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің" Отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген. Бұл осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде