Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Үкімет қарауына Мемлекет басшысының соңғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы енгізілді. Министрдің сөзінше, Жалпыұлттық жоспардың жобасы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастама мен 7 бағытты көздейтін 102 іс-шараны қамтиды: Бірінші бағыт – бойынша 27 іс-шараны іске асыру көзделген:
Кәсіпкерлікті дамыту үшін "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын 2022 жылы іске асыру жалғасатын болады. Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн. теңгені құрайды.
Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленетін болады. Тұжырымда бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды.
"Өндірушіден тұтынушыға дейін" тізбегі бойынша бағаларды бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалатын болады.
"Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" Заң әзірленетін болады. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімге бекіту көзделіп отыр.
Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманын даярлау, цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспортын
2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарлануда.
Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады.
Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленетін болады.
Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарлар бағасының қолжетімділігін және көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленеді.
Екінші бағыт – бойынша 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделіп отыр.
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Отандық тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасы кеңейтілетін болады.
Үшінші бағыт – бойынша 12 іс-шара іске асырылатын болады.
Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша "Білім беру туралы" Заңға өзгерістер енгізіледі.
Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда.
Қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге "Цифрлы ұстаз" жобасы іске асырылады.
Дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, сонымен бірге бір реттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделуде.
Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу жоспарлануда.
"Жас талап" жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Төртінші бағыт – бойынша 22 іс-шараны іске асыру көзделеді.
"Агломерацияны дамыту туралы" Заң әзірленетін болады.
Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес Өңірлердің даму жоспарларын өзектендіру көзделеді.
Стратегиялық инвесторларымен бірлесіп, елімізде кем дегенде 2400 мегаваттық жаңартылатын қуат көзі іске қосылады.
Еліміздің ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарлануда.
Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде барлық қалалар мен ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мақсатында 120 арна реконструкцияланады және 9 жаңа су қоймасы салынады.
Бюджет үдерістерін жеңілдету, бюрократияны барынша азайту және цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізілетін болады.
Абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі "халық қатысатын" үлесін арттыру көзделуде.
Бесінші бағыт – бойынша 6 іс-шара көзделген.
"Кәсіби біліктіліктер туралы" Заң және жұмыспен қамтудың жаңа үлгілерін реттеу тетіктері әзірленетін болады.
Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді.
Елміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау көзделеді.
Алтыншы бағыт – бойынша 13 іс-шараны іске асыру көзделген.
Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдері әзірленеді.
Депутат мандатын бөлу кезінде квотаны міндетті түрде ескеру бойынша талап заң жүзінде бекітілетін болады. Сонымен қатар, квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейту жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге арналған тиісті стратегиялық құжат бекітіледі.
Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізілетін болады.
Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеу жоспарлануда.
Жетінші бағыт – бойынша 5 іс-шара іске асыру көзделеді.
Жаңа мәдениеттің дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шараларды әзірлеу жоспарлануда.
Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады.
"Ұлттық Рухани Жаңғыру" ұлттық жобасы аясында отаншылдық, білімге құштарлық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеу бойынша шаралар әзірлеу көзделіп отыр.
Халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының 5 бастамасын іске асыру мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді.
Бірінші, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Екінші бастама, бизнесті жұмысшыларының еңбекақысын көбейтуге ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді.
Үшінші бастама, микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу жоспарлануда. Бұл жиынтық бизнеске салмақты 34 пайыздан 25 пайызға төмендетуге мумкіндік береді.
Төртінші бастама, 2022 жылдан 2025 жылға дейін жекелеген санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға ұлғайту көзделеді.
Бесінші бастама, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу үшін "Отбасы банктегі" есепшотына аударуға рұқсат беру мүмкіндігі беріледі.
Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп Жалпыұлттық жоспардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен бірге іс-шараларды жузеге асырудың тұрақты мониторингін жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізетін болады.