Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

kff.kz
Украинаға екі гол соққан қорғаушы Руслан Валиуллин.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, футболшының тапсырған тесті тыйым салынған заттардың іздерін көрсеткен. Осы себепті Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған деседі.

Оның бойынан дәл қандай зат табылғаны және допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әлі белгісіз.

Валиуллин салған екі голдың арқасында Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен матчта Украинамен 2:2 есебімен ойнады.

Айта кетсек, бұған дейін БАӘ чемпионатында допинг қолданғаны әшкереленген Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан екі жылға ойыннан шеттетілген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті