Қазақстанда COVID-19-дан көз жұмғандар саны 10 мыңнан асты

zakon.kz
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 84 262 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (76 339 КВИ+ және 7 923 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 17 749-ы стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 390 адамның жағдайы ауыр,

- 346 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 6 969 069 адам, II компонентін 5 795 901 адам салдырып үлгерді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді