Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан қызметінен босатылды

gov.kz
Ол бұл лауазымды 2016 жылдан бері атқарып келді.

Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанды қызметінен босатты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол бұл лауазымды 2016 жылдан бері атқарып келді. 31 тамызда ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына өтініш түсірді.

Қаржы және бюджет комитеті Сенат регламентінің 81-1 тармағын басшылыққа ала отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Жақан Талғат Амангелдіұлының өкілеттігін тоқтатып, оны қызметінен босатуды ұсынады, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Сенаттың жалпы отырысында.

Перепечина Есеп комитетінде жұмыс істеген кезінде Талғат Жақан өзін жауапты және білікті басшы ретінде танытқанын баса айтты. Оның басшылығымен ұлттық холдингтер мен компаниялардың және Ұлттық қордың тиімділігіне қатысты аудит жүргізілген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды