Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар жүретін болды

astana.gov.kz
Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады.

Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі жұмыс істемейтін.

Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.

Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керектігін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады