Қостанайлық спортшылар әлемдік турнирде жеңімпаз атанды

ҚР ІІІМ жанындағы Ш.Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясы
Екінші күні 98 келіден жоғары ауыр салмақта әскери самбодан Мейрамбек Досаев І-орын иеленіп, алтын медаль ұтты.

ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мәліметінше, Минскіде әлемнің 11 елінен 300-ге жуық спортшы бірнеше күн бойы спорттық және әскери самбодан бақ сынасты.

Академияның 4-курс курсанттары қола медаль алды.


Әскери самбодан алғашқы күнде-ақ 64 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен спорттық шеберлік мектебінің балуандары Бекжан Ғалибеков пен Нұржан Жұмабеков ІІІ-орын иеленді. Қостанай қаласындағы "ЖасДинамо" спорт клубының оқушысы Мейрамбек Досаев спорттық самбодан ауыр салмақта қола жүлдегер атанды.


Қостанай академиясының түлегі, Қостанай облысы полициясының жедел әрекет ету арнайы бөлімінің инспекторы, "Жоғары спорттық шеберлік мектебінің" спортшысы Асқар Абдулланың өнері турнирдегі ұмытылмас оқиға болды. Полиция қызметкері әскери самбодан 98 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, халықаралық спорт шебері атағына ие болды.


Екінші күні 98 келіден жоғары ауыр салмақта әскери самбодан Мейрамбек Досаев І-орын иеленіп, алтын медаль ұтты.


Халықаралық деңгейдегі Қостанай облысының самбошылары жоғары нәтиже көрсетті. Біз үйге абыроймен оралдық!, - дейді ҚР ІІМ жанындағы Ш.Қабылбаев атынағы Қостанай академиясы кафедрасының аға оқытушысы Ержан Қабидоллинов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін