Ақтөбе облысының әкімі әуежайды тым арзанға сатып жібермек

видеодан кадр
Ақтөбе әуежайының көк тиын құны жоқ па?

Мәжіліс отырысында депутат Андрей Линник сатылымға қойылған Әлия атындағы халықаралық әуежайдың тым арзанға бағаланып отырғанына алаңдап, тексеруді талап етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған нысанның аумағында терминал, әкімшілік ғимарат, коммерциялық аумақ, қойма – бәрі бар. Одан қалды барлық қондырғылары, инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келеді. Соған қарамастан 7,3 млрд теңгеге бағаланғаны күмән туғызып отырғанын айтты.

9 қыркүйекте саудаға шығарылатын әуежай әзірге облыстық қаржы басқармасының меншігінде. Стратегиялық нысанның сатылымға шығарылуына Үіметтің қаулысы себеп болырған көрінеді. Ал құнын бағалау компаниясы қойған. Ақтөбе халықаралық әуежайы осыдан екі жыл бұрын облыстық коммуналдық меншікке берілген болатын.

Қаржы басқармасының мәліметінше, нысанды күтіп ұстауға қазынадан ақша бөлінбеген. Әуежайдың қызметі арқылы өткен жылдың өзінде 300 млн теңге табыс түскен.

– Құнын анықтауға екі жерде бердік, бірдей анықтап шықты. Компания бағалау, лицензиясы бар. Бұл комиссиямен шешіледі бағалау құнын. Қазіргі таңда құны - 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Ол бәрі заңға сәйкес. Әрі қарай электронды түрде жүргізіледі. 15 күн өткеннен кейін ол электронды түрде портал өзі анықтайды. Ол 7 млрдтан құны жоғары болу керек. Олар жоғары баға беру қажет, – деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты