Серікқали Брекешев Экология министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақордада жарияланған ресми хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Мағзұм Мырзағалиев атқарып келген. Ол қазір Маңғыстау облысының әкімі болып кеткен Нұрлан Ноғаевтың орнына Энергетика министрі болды.
Брекешев Серікқали 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған.
Білімі мен білігі:
- Атырау политехникалық институты (1995), "мұнай және газ кен орындарын игеру" маманы, инженер;
Еңбек өтілі:
1995-1997 жылдар - "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК, бас директордың орынбасары, экономист.
1997 жылы - Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.
1997-1998 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.
1998-2006 жылдары - "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.
2007-2014 жылдары – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2020 жылдары - "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.