2021 жылғы шахмат олимпиадасында қазақстандықтар алғы шепте келеді

12 ұпайға ие Қазақстан құрамасының Ресей және АҚШ-пен қатар келесі кезеңге өтуіне кепілдік бар.

Қытайда шахматтан 43-ші онлайн олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Chess.com басылымының хабарлауынша, үлкен турнирге әлемнің 1500-ден аса спортшылары келген. Ең үздік шахматшылардың есімі 15 қыркүйекте анықталады.

Турнирге Қазақстанның атынан Ринат Жұмабаев, Денис Махнев, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Рамазан Жалмахановтар қатысып жатыр. Біздің команданың барлық мүшесі шахмат бойынша жоғары дәрежегі халықаралық гроссмейстер атағының иегерлері.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта алты кезеңнен өтіп, жақсы ойын өрнегін өріп, бірінші орында келе жатыр.

"А" тобындағы қазақстандық шахматшыларда тағы үш ойын қалды. Оның қорытындысы бойынша плей-оффқа шығатын командалар анықталады.

12 ұпайға ие Қазақстан құрамасының Ресей және АҚШ-пен қатар келесі кезеңге өтуіне кепілдік бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: