Күн салқындап, жаңбыр жауады. 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

pixnio.com
Кейбір өңірде түнде үсік жүреді.

Синоптиктер 14-16 қыркүйектегі ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикамыздың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және әрі құбылмалы ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның ойысып жетуімен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында болса, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады деп болжанады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +3-15 градус, күндіз +20-28-ден +15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде сынап бағаны +2-13 градус, 14 қыркүйекте -2 градус үсік жүреді, күндіз +15-25 градус, орталықта және шығыста 12 градус, түнде -3 градус үсік жүреді, күндіз +13-23-тен +20-28 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +10-18 градус, күндіз +23-30 градус жылы болады, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді