Қазақстандық шахматшылар ширек финалда АҚШ құрамасына қарсы тұрды

pixabay.com
Айқасты кездесуде, өкінішке қарай, жерлестеріміз ұтылып қалды.

13 қыркүйекте кешке Қытайда шахматтан онлайн олимпиаданың плей-офф ойындары аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ширек финалда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары командалары бет-бет келіп. ойын өрнегін көрсетті. Жарыс ережесі бойынша ұлттық құрамалардың бірі екі кездесуде жеңіске жетуі керек еді. Алдымен қазақстандық жасақ бұл шартты 4: 2 есебімен сәтті орындады. Рамазан Жалмаханов, Ринат Жұмабаев, Бибісара Ассаубаева және Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды.

Екінші кездесуде америкалықтар есепті теңестіріп кетті - 3,5: 2,5.

Ал үшінші шешуші шайқаста АҚШ командасы 4: 2 есебімен қазақстандықтарды жартылай финалда жеңіп кетті.

Қуандық Шынасылов, Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды