СҚО-да шенділер COVID-19-ға арналған тегін дәрі-дәрмектерді сатуға тырысып жатыр

Шенеуніктердің "қорды молайтамыз" деген игі бастамасы өздеріне мәселе туындатып отыр. Себебі, тұрақтандыру қорындағы арзандатылған перпараттар қазір ешкімге керексіз болып, қоймаларда шаң басып тұр. Енді мерзімі өтсе, ауаға ақша шашқанмен бірдей болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері коронавирусқа қарсы тұрақтандыру қорына сатып алынған препараттарды қайда жіберерлерін білмей дал. Әсіресе, дене қызуын түсіретін дәрілер әкімдіктегілердің бас ауруына айналған, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Петропавл Пандемияның шарықтау кезінде аймақтағы ахуалды реттеуге дәрі-дәрмектің 21 түрі сатып алынған. Оның ішінде көп сұранысқа ие болған парацетамол мен ибупрофенге 25 миллион теңге жұмсалыпты. Алайда шенеуніктердің "қорды молайтамыз" деген игі бастамасы өздеріне мәселе туындатып отыр. Себебі, тұрақтандыру қорындағы арзандатылған перпараттар қазір ешкімге керексіз болып, қоймаларда шаң басып тұр. Десе де әкімдік өкілдері дене қызуын түсіретін дәрілерді сатып алушылар табылатынына сенімді. Бұған дейін тұрақтандыру қорындағы дәрілер тек санаулы дәріханада саудаланса, қазір өзге дәріханаларға да жол ашылып, оларға 50 миллион теңгенің тауары жеткізілген. Бірақ, әзірге соның бестен бірі ғана сатылыпты.

Асқар Сақыпкереев, СҚО әкімінің орынбасары:

- Біз тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмек жеткізгенімізде парацетамол мен ибупрофеннің көп мөлшерін алдық. Осы екі препаратқа 25 миллион теңге бөлінді. Қазір бұлардың барлығы тегін беріледі. Сондықтан мәселені шешу мақсатында дәріханалар желісін іске қосып отырмыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: