COVID-19: 2022 жылдың соңына дейін әлемдегі барлық адам екпе алуы керек - БҰҰ

zakon.kz
2022 жылдың соңына дейін әлемдегі адамдардың бірін қалдырмай вакциналау - біздің басты мақсатымыз.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Абдулла Шахид әлемдегі барлық адамға 2022 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы екпе егілу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2022 жылдың соңына дейін әлемдегі адамдардың бірін қалдырмай вакциналау - біздің басты мақсатымыз. Оған қол жеткізу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы ретінде қолдан келгеннің бәрін жасаймын, - дейді Шахид.

Ол келесі жылдың басында екпеге қатысты теңсіздік бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыруға ниетті екенін атап айтты.

Бұған дейін белгілі болғандай, әлемде коронавирус инфекциясының 225 024 781 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте COVID-19-ды 451 361 адам жұқтырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған