Жириновский дебат кезінде дамбалсыз қала жаздады – видео

twitter.com/ldprparty
Теледебат кезінде саясаткер түскен дамбалын дер кезінде ұстап үлегеріп, сөзін ары қарай жалғастыра берді.

РФ Либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің ТВЦ арнасындағы сайлау алдындағы теледебат кезінде дамбалы түсіп кетіп, ышқырын ұстап тұрып сөйлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Саясаткер түскен дамбалын дер кезінде ұстап үлегеріп, сөзін ары қарай жалғастыра берді. Осы уақытта Жириновский коммунистердің аты-жөнін жіпке тізгендей қылып айтып жатыр еді. Оның айтуынша, Владимир Путин, Михаил Мишустин, бүкіл үкімет пен барлық губернаторлар коммунист көрінеді.

Желі қолданушылары бұл жайтты бірден іліп әкетті. Бірі саясаткердің реакциясын жоғары бағаласа, тағы бірі: "Ең бастысы - абыройды сақтау", - деп жазды. Ал тағы біреулері саясаткердің қартайып, шалбарының түймесін салуды ұмытып кеткенін айтыпты.

Бұл ретте ЛДП көшбасшысының баспасөз хатшысы Александр Дюпин URA.RU-ға берген сұқбатында бұл фактіні жоққа шығарды.

Бөлек белдік сырғып кетті, оған екі дыбыс зорайтқыш бекітілген. Дыбыс инженері техниканы дұрыс тақпаған. Владимир Вольфович оны жай ғана жөндеді. Шалбары түскен жоқ, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі