Түркіменстан Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болады

Ақорда
12 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласында Түрік Кеңесінің VIII-ші саммиті өтеді.

2021 жылдың қарашасында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі "Түркітілдес мемлекеттердің ұйымы" деп аталатын болады, деп хабарлайды zakon.kz Report.az әзірбайжандық басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Түркіменстан кеңес қатарына өтіп, оның толыққанды мүшесі бола алады.

Түркіменстан келесі айда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесінің) толыққанды мүшесі болатынын күтудеміз, деп хабарлады Түркия премьер-министрі, Әділет және даму партиясы (АК) төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым.

Ыстамбұл саммитінде Кеңестің атауы өзгертіледі. Бинали Йылдырымның айтуынша, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) "Түркітілдес мемлекеттер ұйымы" деп аталатын болады.

12 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласында Түрік Кеңесінің VIII-ші саммиті өтеді. Әзірбайжан басылымының хабарлауынша, келесі саммитте ұйымның төрағалық тізгінін Түркия алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда