Киевтің Мәдениет және өнер университетінде жаңа факультет пайда болды. Онда студенттерге TikTok-қа видео түсіруді үйретпек, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы украиналық әнші және тиктокер Михаил Поплавский Instagram-да жазды, деп хабарлайды РБК.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл білім саласының тарихындағы тұңғыш бастама болғандықтан университеттің барлық студенттері аталмыш факультетте ақысыз білім ала алады.
Поплавскийдің айтуынша, болашақ әлеуметтік желіде, сондықтан оны қалай дұрыс қолдану жағын жастарға үйрету қажет.
– Менің миссиям – ТикТокты "украиналандыру", елдің жаңа тарихын жасайтын креативті, өршіл және болашағы зор жастарды ұйыту. Украина мен оның халқын бүкіл әлем білсін! Украинада әлемді таң қалдыратын нәрселер баршылық. Біз оқытуды нөлден бастаймыз, оқу бітірген соң қолыңызға диплом табысталады. Мәдениет университеті – әлемдік ақпараттық кеңістікті бағындыратын бренд, – деп жазды тиктокер.