Әкімі жоқ Талғар қаласының тұрғындары сабылып қалды

Сөйтсек әкім 1 қыркүйектен бері орнында жоқ екен. Мұнан жергілікті халықты ешкім хабардар етпеген.

Талғар тұрғындары қала әкімінің орнында жоқ болуы және осыған қатысты қандай да бір ескерту хабарлама ала алмауларына байланысты қатты ашулы, деп хабарлайды zakon.kz.

Тұрғындар өз наразылықтарын instagram-public novosti_issyka парақшасында жариялады.

Біз бұл мәселені бекерден-бекер көтеріп отырған жоқпыз. Кеше "Талғар қаласының әкімі қайда" деп сұрадық. Сөйтсек оның 1 қыркүйектен бері орнында жоқ екені белгілі болды! 50 мыңнан астам халқы бар үлкен қала бұл туралы білмейді! Неге олай болады? Қала тұрғындары мұны білуге ​​құқылы емес пе? Адамдарға деген ешқандай құрмет жоқ! - деп шағымданды қала тұрғындары.

Желідегі осы жазбадан кейін Талғар әкімдігі тұрғындарға ресми түрде жауап берді. Сөйтсек бұрынғы әкімнің отставкаға кеткені белгілі болды.

Айдар Нұрмұханбеттің өз өтініші бойынша жұмыстан босатылуына байланысты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Серік Дүмшібаев Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарады. Қазіргі уақытта Серік Дүмшібаев денсаулығына байланысты еңбек демалысында. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Мәден Бақтыбаевқа жүктелді, делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: