Алматының "Қайраты" Конференция лигасында "Омонияны" ұта алмады

fckairat.com
Алматылық клуб келесі кездесуін 1 қазан күні швейцариялық "Базельге" қарсы өткізеді.

"Қайрат" футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.

Құрбан Бердыев шәкірттері Қазақстанға келер алдында бірнеше ойыншысынан айырылған кипрлік "Омониямен" кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Кипрлік клуб гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ бұл ойында "Қайрат" қорғаушылары мен Стас Покатилов сенімді түрде әрекет етті.

Алайда, "Қайрат" командасы да "Омония" қақпасына қауіп төндірді, бірақ ойыншыларға соңғы сәтте салқын қандылық пен дәлдік жетіспеді. Атап айтқанда, Вагнер Лав екінші таймда қақпашымен жеке-дара шығып, гол соға алмады.

Алматылық клуб келесі кездесуін 1 қазан күні швейцариялық "Базельге" қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды